Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысы Сайын Шапағатов ауылының жүздеген үй иелерін баспанасын босатуға міндеттеп отыр

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2014
  • 2647

Жергілікті биліктің сауатсыздығы - талай тұрғынды жер сипатты. Маңғыстау облысы Сайын Шапағатов ауылының алтыншы аймағы жаңа бас жоспар бойынша тұрғын үйлерден тазаруы тиіс екен. 2007-2012 жылдар аралығында талай адамға жеке баспана құрылысы бойынша жер телімдері берілген. Алайда бұрынғы бас жоспар былтыр күшін жойып, жаңа құжат қабылданады. Енді жүздеген үйдің иелері жаңа баспанасын босатып шығуға міндетті.


Сайын Шапағатов ауылына қоныстанған тұрғынның бірі - Мұрат Қожанов. 15 сотық жеріндегі екі қабатты үйі мен қора-қопсы, көлік гаражы талай жылғы еңбектің нәтижесі. Мұрат енді еркін тыныстаған сәтте, аяқасты шенеуніктер ши шығарды. Енді ауылдың алтыншы аймағы - өндіріске арналған орын, тұрғындар оны тез арада тастап кетуге міндеттеліп отыр.


Мұрат Қожанов, Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны:


Мен бұл жерден кетпеймін, осы жерде қаламын. Қазір мен қайтадан үй салатын жағдайым жоқ. Акимат өтемақы төлейміз дейді. Сол өтемақы түгілі, оценщиктерге төлейтін ақшалары жоқ. Ол қайдан маған өтемақы төлейді?


Алтыншы аймақта бас аяғы 912 жер телімі бар. Соның жүзінің иесі өз баспанасын тұрғызып үлгерген. Енді ашынған тұрғындар құрылыс заттарының ақысын төлесе де, жаңа орынға көшпек емес.


Ғалым Орынбаев, Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны:


Жоқ, мен кете алмаймын. Өйткені, менің қыздарым, әйелім менің зобпен ауырады. Мына жер ем. Жарық бермесе де, газ бермесе де, мен тұрамын. Менің төрт балам бар, жүрейін енді.


Алғашқы 2007 жылғы Бас жоспарды аудан әкімі жасапты. Бүгін оны облыстың бас сәулетшісі «әдемі картинаға» теңеді.


Найзабек Жайлау, Маңғыстау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:


Нарисовали красивую картинку, на квадратики разбили и выделяли. Но не было досконального изучения.


Найзабек Жайлау алғашқы жоспардың қателігін тізіп берді. Оның сөзінше, инженерлік байланыс жоқ, кешенді тексеріс жасалмаған.


Найзабек Жайлау, Маңғыстау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:


30 жылдан беру әуежай жұмыс істеп келе жатыр. Кеше ғана салынып, адам тұрмайды дейтін ештеңесі жоқ. Мынау жолағының астында елді шулатып жүрген 6- квартал жатыр. Шумовая дейміз ғой, бұл жерде дыбыстық әсерлері. Өзіңіз байқап көріңіз, ұйықтап жатқан кезде, гүрілдеп ұшып өтсе.


2012 жылы жаңа Бас жоспар бекітілді. Түпқараған ауданының әкімдігі жер телімін беруді тоқтату туралы халықты ескерту керек деп шешкен. Өйткені аймақтың үстінен өтетін әуе сызығы бар.


Болат Тұяқов, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары:


Алдымен инженерлік желілерді жасап, кейін тұрғындарды қоныстандыру қажет. Ал оның қашан басталатыны белгісіз. Заңға сәйкес алдымен инженерлік желі жүргізілуі тиіс, тек бізде ол керісінше іске асып жатады.


Дегенмен, халықты тез арада көшіру іске аспай тұр. Өйткені жаңа орын дайын емес. Көшуге көнбегендер үйлерінде қанша уақыт болса да, қала бермек. Тек әлі тұрғын үйлер салынбай бос жатқан жерлер ғана қауіпті аймаққа енгізіледі.


Жандос Ағыжанов, Сайын Шапағатов ауылының әкімі:


Жаңа ұсынылып отырған жерге, электр энергиясына және газына жобалық сметалық құжаттар жасақталуға 3 миллионнан ақша бөлінеді. Қазіргі таңда сол жобалық сметалық жұмыстың 1- кезеңі жасақталып жатыр. Егер ұсынылып отырған жерге бармаймын дейтін азаматтар болса, қысымшылық көшіру болмайды.


Құрылысқа кеткен қаражатты есептейтін «баға берушілерді» жалдау  үй иесінің мойнына артылған. Тек содан кейін ғана жергілікті әкімдік бюджеттен тиісті өтемақыны бөліп бермек.


Сымбат МОЛДАТАЙ