Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде 15 жастағы қыз бала үйінде босанған

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2014
  • 2771

Өскеменде жаға ұстатарлық жағдай орын алды. 15 жастағы қыз бала ешкімге айтпастан үйінде босанған. Алайда нәресте жарық дүние есігін ашпай жатып көз жұмды. Мұндай ақпаратты ана мен бала орталығының дәрігерлері таратты. Босану барысында жас ананың өміріне де қауіп төнген. Толғағы келгенін сезсе де, ол ешкімге хабарласпайды. Үйде жалғыз босануға бел буған. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілмегендіктен, сәби тумай жатып іште тұншығып қалады. Белгілі болғаны 15 жасар қыз жүктілігін 9 ай бойы туған-туыстарынан жасырып келген. Сәбиінің өлі туғанынан қорықса керек, жедел-жәрдемді де өзі шақырады.


Марина Маркашова, ШҚО ана мен бала орталығының бөлім бастығы:


Қызды бізге алып келген кезде, баланың жарты денесі сыртқа шығып тұрды. Қалғанын біз суырып алдық. Нәрестенің қолы қайырылып, басы шықпай іште тұншығып қалған. Сондықтан өмірін сақтай алмадық.


Осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталған. Бойжеткенмен байланыста болған 23 жасар жігіт анықталды. Енді ол кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін Заң алдында жауап береді. Кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өткен жылы Өскеменде кәмелеттік жасқа толмаған үш бойжеткен ана атанды. Биыл мұндай екі жағдай орын алған.


Қанат ОРАЛБЕК