Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев он бірінші
наурызда Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде лекция оқымақ.
Бұл - Еуразиялық интеграциялық бастаманың 20 жылдығына орай ұйымдастырылмақ шара, - деп хабарлайды «Север-Юг» саясаттану орталығының орындаушы директоры Алексей
Власов.
Лекция институттың Азия және Африка елдерінің императорлық
залында өтеді. Тақырып «Еуразиялылық: Диалогтан бірлескен
әрекетке» деп аталады. Жиыннан кейін ашық алаң ұйымдастырылып, 20 жыл
бұрын Нұрсұлтан Назарбаев көтерген Еуразиялық интеграциялық бастаманың заманауи
жағдайы мен келешегі турасында талқылаулар болады деп күтілуде.
Жұрағат БАМАН