Атырауда қоғамдық көліктер жол жүру ережесін
жиі бұзады. Қалада қолға алынған «Автобус» жедел алдын алу шарасын
қорытындылаған әкімшілік полиция басқармасы осындай қорытынды жасап отыр.
Бір жарым тәулікте қоғамдық көлік
тізгінін ұстаған 30 жүргізуші жауапқа тартылған. Олардың арасында жүргізуші куәлігінсіз жүргендер, ішімдік ішіп көлікті
басқарғандары бар. Ал кейбір автопарк басшылығы көлікті техникалық байқаудан
өткізбестен, жолаушы тасымалдауға рұқсат еткен. Ал салонға шектен тыс жолаушы
толтырып алатын жүргізушілер де жазаланды. Олар өз әрекеттерін құлқының қамы
емес, халықтың көңілін қимаймыз, - деп түсіндіріп әлек.
Аманжол Нұрмұхамедов, автобус жүргізушісі:
Қазір заң қатайып жатыр деп айтып жатырмыз, кісі көп алуға болмайды деп. Тыңдамайды, не істейміз енді оларға.
Тілші:
Тыңдамады екен деп
күнде айыппұл төлей бересіз бе?
Аманжол Нұрмұхамедов, автобус жүргізушісі:
Енді айтсам түсінбейді ғой, қайтеміз енді.
Алмасақ, тағы акиматқа арыз жазады. Балаларды тастап кетесіңдер, үлкен
кісілерді тастап кетесіңдер деп. Амал жоқ, аламыз.
Асылбек Боранбаев, ІІД жол техникалық инспекциясы
бөлімінің басшысы:
Техникалық байқаудан өтпей, линияға шығады және кісі тасымалдаумен
айналысқанда артық адам мінгізеді. Сондай заң бұзушылықтар көп. Кеше мысалы, 5-ші маршруттың жүргізушісі алкоголь ішкен
күйінде автокөлік жүргізген.
Базаргүл ІЗІМОВА