Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанға көктем кеш келеді

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2014
  • 1337

Қазақстанға көктем кеш келеді. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, көктемнің жылуын тек наурыз айының соңына қарай күтуге болады. Көктемнің алғашқы айы суық ауа толқынынан басталмақ. Көбінесе күн ашық, алайда аязды болмақ, - дейді мамандар.

Елдің солтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасы түнде минус 20, 25, ал күндіз - минус 10, 15 бағамын көрсетпек. Ал батыста жылы ауа еседі, деп болжануда. Температура түнде минус 5, 10 градус, күндіз - нөл шамасында.

Республикамызда ауа температурасының сууының үш кезеңі болады деп күтілуде. Наурыздың ортасына қарай елімізде ең төменгі температура түнде минус 17, 25 градусқа дейін барады.

Еске салайық, ақпан айында Қазақстанда қар қалың жауған болатын. Астаналық коммуналдық қызметтер 46 мың кубометр қар шығарған болатын.