Ала таяғын бұлғап, жүргізушілерді
жөн-жосықсыз тоқтатқаны үшін жол сақшылары қызметтерінен босатылуы мүмкін. Ал ережені бұзған жүргізушіге енді жол полициясы
қызметкерінің көлігіне отыруға немесе полицейдің жүргізуші көлігіне отырып
құжат толтыруына тыйым салынады. Бұл жөнінде депутат Серік Ақылбай Сенат отырысынан кейін
журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Жоғарғы палата депутаттары «Жол жүрісі
туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, түзетулер енгізіп, мәжіліске
қайтарды.
Айта кетерлігі, заң жобасында айыппұл
төлеу мәселесінде жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен,
ережені бұзған азамат өзіне салынған айыппұлды 7 күн, яғни 1 жұма ішінде өтесе,
тек 50%-зын ғана төлейді. Ал 1 жұмадан кейін төлесе, толық өтеуге міндетті
болады. Сенаторлардың айтуынша, заң жобасында қаралған
өзгерістер жемқорлықты азайтуға септігін тигізеді.
Серік Ақылбай, ҚР Парламенті
Сенатының депутаты:
Бұрыңғыдай машинасына шақырып сөйлесетін жағдай жоқ, осы заңда қаралған. Ол
үшін қызметтік жауапкершілікке тартылады. Ол
үшін қызметінен де босатылуы мүмкін. Өз көлігіне де, жүргізуші көлігіне де
отырмауы тиіс. Ашық капоттың үстінде қаулыны толтыру керек. Жариялы, ашық болу
керек. Сонда ғана арылатын шығармыз жемқорлықтан.
Айгүл ӘДЕПБАЙ