Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің жедел-жәрдем ауруханасына денесінің 95% күйік шалған 6 баланың анасы жеткізілді

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2014
  • 2277

Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға. Облыстық жедел-жәрдем ауруханасына денесінің 95 пайызын күйік шалған 6 баланың анасы жеткізілді.  Қосестек ауылының 33 жастағы тұрғыны Жанель Ахметова жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп отыр. Қазір  науқас қоректі тамыр арқылы алуда.

 

Ерғали Базарқұлов, Ақтөбе облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасы бөлім меңгерушісі:

 

Күйіп қалған. Оның жағдайы өте ауыр. Қандай да бір болжам жасау қиын. Бірақ мұндай күйік шалған адамдардың тірі қалуы екіталай.

 

Жанель Ахметованың анасы  болған іске күйеу баласын кінәлайды. Айтуынша, ерлі зайыптының арасында кикілжің жиі болатын, тіпті ері қызыма қол көтеруді әдетке айналдырған дейді.

 

Бақыт Ахметова, Ж. Ахметованың анасы:

 

Қыста далаға іш көйлекпен, жалаңаяқ шығады ма? Балалар әкесінің шашынан сүйреп шығарғанын көрген. 5 жасар және 14-тегі үлкен немерем айтып отыр. Моншаның ошағында күлдің ізі жоқ. Отжағар жерде де өрт болмаған. Күйеу бала қызымды шешінер бөлмеге кіргізіп, сол жерде өртеп жіберген.

 

Мансұр ЕСҚОЖИН