Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бес ауданда су басу қаупі сейілмей тұр

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2014
  • 1460

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бес ауданда су басу қаупі  сейілмей тұр.  Таулы аймақтарда әлі де қалың қар жатыр.  Осыған орай төтенше жағдайларға жауапты басшылар жағдайды әуеден бақылап қайтты. Сондай-ақ Бәйдібек ауданының Боралдай елді мекені мен «Одаман бұлақ» асуында да қар бар. Созақ ауданының «Таскөмірсай» асуында да қар қалың.

Тікұшақпен жолға шыққан құтқарушылар, егер күн райы қазіргіден жылып кетсе, қалың  қар жылдам ериді ме деп қауіптенеді. Ал Сырдариядан келер қауіп жоқ көрінеді. Дегенмен Отырар ауданына қарасты Маяқұм мен Балтакөл елді мекендерінің тұсында алпыс шақырым жерге мұз қатып жатыр. «Сағасынан асқан жағдай әзірше байқалмайды», - деп мәлімдеді облыстағы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Нұрлан Темірбаев.


Нұрлан  Темірбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:


Сондықтан  барлық деңгейдегі облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық әкімдіктермен бірлесіп, алдын алу шаралары атқарылуда. Барлық техникаларды дайындап, қажеттілерді алу жөнінде тапсырма берілді.


Айзада Т
ӨРЕБЕКҚЫЗЫ