Отандық кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін тексерістердің заңдылығын өз бетінше анықтауға мүмкіндік алады. Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы қоғамдық кеңестің мәжілісінде айтылды. Кәсіп иелері «Бизнес тірегі» жобасы аясында тексерушілер тарапынан болған құқық бұзушылықтарды электрондық жүйе арқылы қадағалап отырмақ. Барлық процесс электрондық есепке алу кітапшасы жүйесінің негізінде жүргізіледі. Бұл инновациялық жоба құқық бұзушылықтардың алдын-алуға, сөзбұйдалықты төмендетуге және азаматтармен кері байланыс орнатуға өз септігін тигізбек.
Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Бас прокуратура
жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі:
Тексерушілер көбейіп кетті, мезгілсіз аяқ астынан ойына келгенде тексереді
деген мәліметтер көбейіп кетті. Соны бір жүйеге түсіру үшін тек ғана
прокуратураның рұқсатымен атқарылсын деген тәртіп қабылданған болатын. Ол қазір
қағаз жүзінде жүріп жатқан. Ал бүгінгі күні істеліп жатқан жұмыстар мәндетті
түрде электрондық базаға түсіріп, сол арқылы электронды рұқсат алған кезде ғана
іске ассын дейді.
Жұрағат БАМАН