Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал әуежайындағы тозығы жеткен ұшу-қону жолағы биыл жөнделетін болды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2014
  • 1069

Орал әуежайындағы ұшақтарға арналған ұшу-қону жолағы биыл жөнделетін болды. 2 мың 400 метрді құрайтын жолақ монолитті бетоннан құйылып, 400 метрге дейін ұзармақ. Құрылыс жұмыстарына барлығы 6 миллиард теңге қаражат қажет. Бұл жайында арнамызға Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы айтты.

Әуежайдың ұшу-қону алаңы мемлекет меншігіне өткізілгеннен кейін Батыс Қазақстан облысының әкімдігі алаңды халықаралық стандарттарға сай қылуды өз міндетіне алды.

Айта кетелік, 1970-жылдары салынған әуежайдың ұшу-қону алаңының жібі түзу жөндеу көрмегеніне де қырық жылға таяпты. Соңғы рет 2003-жылы ғана күрделі жөнделген. Дегенмен, қазір тозығы жеткен ұшу-қону алаңы алып ұшақтарды қабылдай алмайды. Айта кетейік, бүгінде ел аумағындағы 18 әуежайдың 4-уі жеке адамдардың меншігінде.

Замир Сағынов, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы:

Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемелері жасалып, қазір Үкіметтен осы бюджетті нақтылау кезінде керекті қаражатты береді деген ойымыз бар. Соған ұсыныс Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыныс жіберілді.

Еркін ҚАРИН