Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстандағы бірқатар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2014
  • 1047

Бүгін күнтізбе бойынша қыстың соңғы күні болғанымен, Шығыс Қазақстан облысында ауа-райы әлі де мінез танытып тұр. Бұрқасын жел автожолдарда көліктің қозғалуын қиындатқан.

Төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарға алыс сапарларға шықпауды ескертуде. Соңғы тәуліктің ішінде оннан астам автокөлік қар құсауында қалып қойған. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ, жолаушылар қауіпсіз жерге жеткізілді. Республикалық маңызы бар барлық автожолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, облыста мұндай төтенше жағдай әлі бір аптадай сақталуы мүмкін.

Евгений Шатурный, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ақпараттық бөлім бастығы:

Тұрғындардан өтінеріміз, алыс жолға шықпасын. Жолға шыққан жағдайда жылы киімдерін қымтап, дайындалсын. Мұндай бұрқасын әлі бірнеше күн сақталуы мүмкін. Облыс бойынша барлық құтқару жұмыстары жүргізілуде. Зардап
шеккен ешкім жоқ.