Русский Сайттың толық нұсқасы

НАТО Ресейдің шешімін Еуропаға төнген қауіп деп бағалады

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1314

НАТО Ресей әскерінің Украинаға кіруін Еуропа халқы үшін өте қауіпті деп бағалады. Бұл туралы ұйым басшысы Андрес Фог Расмуссен мәлімдеді. Ол Ресей мен Украина тарапын тез арада ымыраласуға үндеді.

Расмуссен екі елге де НАТО мен ОБСЕ тарапынан халықаралық сарапшыларды жіберу керектігін айтты. Ресейдің Украинаға қатысты қатқыл позициясынан кейін Үлкен сегіздік елдері алдағы Сочидегі саммитке дайындықты доғарып тастады. Себебі, ұйымға мүше елдер Ресейдің бұл әрекетін Украина егемендігіне қол сұғу, деп санайды. Бірер уақыт бұрын саммитке қатысудан АҚШ, Канада мен Франция бас тартқан. Жексенбіде Ұлыбритания да Ресей төрағалық етіп отырған G8 шеңберіндегі жұмысты тоқтататынын мәлімдеді.

Ал бүгін Жапония Ресейге деген наразылығын ашық білдірсе, Канаданың сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі елшілерін кері алдыртты. Осылайша, сегіздік елдері Ресейден теріс айналды.

Айта кетейік, 2014 жылдың 4-5 маусымына Сочиде G8 жетекшілерінің 40-шы мерейтойлық саммиті жоспарланып отыр.

Әлия ӘШІМ