Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірқатар елдер Ресейге қарсы акцияларды бастады

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 913

Ресей шешіміне наразылық бірнеше елдерде байқалып отыр. Әскердің Украинаға енуін ессіздік деп бағалаған кей мемлекеттерде наразылық акциялары басталып кетті.

Бүгін Вашингтондағы Ресей елшілігінің алдына жүздеген адам жиналып, Федерация әскерінің Қырымға енуіне қарсы шықты. Вильнюс, Рига мен Таллинн қалаларының тұрғындары да Мәскеу шешіміне наразы. Олар арнайы акция ұйымдастырып, «Соғысқа жол жоқ» деп ұрандатты. Тіпті, Ресей астанасы Мәскеу мен Санкт-Петербург жұртшылығы да федерация кеңесінің шешіміне қарсылық танытып жатыр.

Бас көтергендер Владимир Путиннің империялық әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдем етер қолшоқпарына айналғымыз келмейді, деп үндеді. Сонымен қатар, наразылық білдірушілер Украина халқымен достық қарым-қатынасымызға сызат түсіргіміз жоқ деп, ұрандады.

Әлия ӘШІМ