Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилияда дәстүрлі карнавал басталды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 2597

Ал Рио-де-Жанейрода әйгілі Бразилия карнавалы басталды. Самба биі бойынша ең үздік 12 мектеп үш күн қатарынан Бразилия астанасында өнер көрсетеді.

720 метрлік карнавал үшін бишілер бір жылға жуық дайындалады. Осы жолы карнавалға әр мектеп үш мыңға жуық қатысушыдан жібермек. Миллиондаған көрермен мен 40-тан астам қазылар алқасының алдында тамсанарлықтай өнер көрсету үшін елдің кіл мықтылары шығады.

Мереке соңында қазылар ең үздік шерушілерді анықтап, ерекше көзге түскен бишілерді марапаттайды. Сол себепті де, би ордалары жыл сайын жаңаша өнер көрсетуге талпынады.

Әлия ӘШІМ