Ауыл
шаруашылығы мақсатында қолданысқа берілетін жерлер мемлекеттік органдардың
қатаң бақылауына алынады. Бүгін Астана қалалық сотында жер кодексі талқыланған
дөңгелек үстелде осындай мәлімдеме айтылды. Жиынға экономикалық соттың
судьялары, прокурорлар, Әділет департаменті, жерді қорғау және пайдалану
басқармасы және кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты.
Заң өкілдері елді
алаң бомауға шақырып отыр. Себебі ауыл
шаруашылығы мақсатында жекеменшікке өткен жер телімдерінің бейберекет
пайдалануына жол берілмейді. Әсіресе 25 жылға дейін шетелдік азаматтарға жалға
бөлінетін жерлер қатаң бақылауда болмақ.
Сая
Бекіш, Астана қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы:
Түсініспеушіліктер
осы нормалардың дұрыс түсіндірілмеуінен болар мүмкін. Бірақ осы қабылданған
өзгерістер, Жер кодексіндегі нормалар ешқандай шетелдіктерге жерді сату жөнінде
мәселе көтерілмеген. Өзгерістер мен толықтырулардың ең бірінші мақсаты - елдегі
пайдаланылмай жатқан жерлерді дұрыс пайдалана білу. Яғни оларды қолданысқа
енгізу.
Құралай ПИОНЕР