Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада із-түзсіз жоғалған полиция қызметкерін әріптесі өлтірген

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1274

Қызылордада қантардың 24-і күні із-түзсіз жоғалып кеткен полиция қызметкерінің мәйіті табылды.

Марқұмның туыстарының арызына байланысты қолға алынған жедел-тергеу жұмыстары нәтиже берді. 28-ші қантарда тергеушілер күдіктінің ізіне түскен. Облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бастығының айтуынша, күдікті ішкі істер саласында қызмет атқарған. Оны тергеу барысында жоғалған полицейдің мәйіті жатқан жер анықталды. Қазір жан-жақты сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеуді Ішкі істер департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жүргізуде.

Мұрат Мұхтаров, Қызылорда облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы:

96-бабының 1-бөлігі, яғни қасақана кісі өлтіру бабы. Яғни бұл жерде адам ертен сотқа барған кезде 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шарипа САҚТАПОВА