Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та «Оскар» жеңімпазы анықталды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1107

АҚШ-та «Оскар» сыйлығының 86-шы марапаттау рәсімі аяқталды. Кино саласының майталмандары Лос-Анджелес қаласына жиналып, бақтарын сынады.

Байқау қорытындысы бойынша жылдың ең үздік фильмі мәртебесін Стив Маккуиннің «Құлдықтағы 12 жыл» картинасы жеңіп алды. Үздік режиссер атағы - «Гравитация» фильмін түсірген Альфонсо Куаронға бұйырды. Бұл туынды операторлық жұмысы мен монтажы жағынан да бірнеше алтын мүсіншелерді қанжығалап, ең көп марапат алған картина атанды.

«Далласстағы сатып алушылар клубы» фильміндегі рөлі үшін Мэттью Макконэхи ең үздік актер деп танылды. Ал жылдың ең үздік актрисасы атағын Кейт Бланшетт жеңіп алды. Мамандар оның «Жасмин» картинасындағы рөлін жоғары бағалаған.

Әлия ӘШІМ