Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ұшақ апатына кінәлілерге қатысты сот отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1437

Шымкентте атышулы ұшақ апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Қайғылы оқиға 2012 жылы болған еді. Ан-72 ұшағының бортындағы 26 шекарашы түгел қаза тапқан.

Осы апатқа тікелей қатысы бар деген күдікпен - 30 жастағы Қанат Ақылбеков ұсталған болатын. Ол «ҚазАэроНавигация» республикалық кәсіпорны, Шымкент филиалының диспетчері қызметін атқарған. Күдікті ұшақта қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін айыпталып отыр. Тергеу материалдары бойынша, Ақылбеков қону сызбанұсқасын бұзу салдарынан ұшақтың еркін қонуына қауіп төндірген. Қазір сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста 8 куәгер тыңдалады.

Естеріңізге салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне тиесілі Ан-72 ұшағы 2012 жылдың 25 желтоқсанында апатқа ұшырады. Оның бортында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков пен оның жұбайы, сондай-ақ, аймақтық «Оңтүстік» басқару бөлімінің жетекшілері болған.

Сымбат МОЛДАТАЙ