Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік бюджет кірісінің 70% салықтан тұрады

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1146

Мемлекеттік бюджет кірісінің 70% салықтан тұрады. Өткен жылы қазынаға 76 миллиард 900 миллион теңге көлемінде салық түскен. Бұл туралы баспасөз өкілдерімен кездесуде Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

«2013 жылы шикізаттық емес сектор кәсіпорындарынан түскен түсім барлық салық көлемінің 75%-зын құрады. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 3%-ға көп. Ал шикізаттық сала кәсіпорындарынан түскен түсім 24,2%-ды құрады», - деді ведомство төрағасы.

Әнуар Жұмаділдаев, ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы:

Қазақстанда бір миллион үш жүз мыңнан астам салық төлеуші субъектілер бар. Оның ішінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бар. Осы ретте жалпылай республикалық бюджетті айтар болсақ, оның 70%-зы осы жиналған салықтан құралады.

Жұрағат БАМАН