Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда 7 жасар қыз тірідей жанып кетті

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1212

Солтүстік Қазақстанда 7 жасар қыз отбасын ажалдан құтқарып, ал өзі өртеніп кетті. Оқыс оқиға Мағжан Жұмабаев ауданының Чистов ауылында болды. Түнде түтіннің иісінен оянған қыз бала үйді жалын шарпығанын байқап, ата-анасын оятады. Олар дереу әйнекті сындырып, басқа бөлмеде жатқан 2 ұл баласын далаға шығарған. Алайда, бұл сәтте әкесі қызының үйде қалғанын байқайды. От баспананы түгел орап алуы салдарынан үйдің ішіне кіруге мүмкін болмапты. 7 жасар қыз тастай қараңғы мен қара түтіннің кесірінен далаға шыға алмаған көрінеді. Оның мүрдесі тек келесі күні, от түгел ауыздықталғаннан соң ғана табылды.

Евгений Журавлев
, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Өрт сағат түнгі 2:25-те сөндірілді. Ал таңғы 5-тер шамасында түгел ауыздықталды. 2 және 12 жасар бала жеңіл жарақат алып, оттың түтінінен уланып қалды. Қазір олар ауруханада жатыр. Жалын пештен шықты деген негізгі болжам бар. Демек, пешті салған кезде сақтық шараларын қолданбаған.

Абзал ҚҰРМАНКИН