Өскеменде бақытсыз жағдайдан бір
отбасы түгел опат болды. Жекеменшік үйдегі
пештен ақау шығып үш адамның ажалына себепкер болған. Марқұм болған жандар
дүйсенбі күні түтінге тұншығып қалды. Бұл туралы қалалық
төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Үй иесі әйел мен оның 12 жасар қызын
және азаматтық некедегі күйеуін көршілері байқап, араша түспек болады. Бірақ, тым
кеш еді. Белгілі болғандай, оқыс оқиға өрт қауіпсіздігі ережелері
сақталмағандықтан орын алды.
Мұнан бөлек, үй иелері құрамында
токсиндік қоспалары бар заттарды өртеуді әдетке айналдырған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА