Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік қаржы полицейлері балабақша есепшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 835

Балабақша есепшілері ата-аналардың сәбидің ас-суына деп жинаған қаражатын қалтаға басып отырған. Ақтөбелік қаржы полицейлері қос бірдей есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғады.  Тергеу барысында анықталғаны Жанаева есімді азаматша мемлекетке 15 млн 800 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Ал Бұхарбаеваның ұрлаған соммасы 70 млн теңге шамасында.

Шығыны тым көбейіп кеткен мектепке дейінгі мекемелерді тексеруге қалалық білім бөлімі бастамашы болған. Екі есепші «Қонжық», «Аққайың», «Орман ертегі» балабақшаларында 2008-2013-ші жылдар аралығында жұмыс істеген. Құзырлы орган өкілдері жақын күндері істі сотқа жолдайтынын айтты.


Махаббат Дармышева, Ақтөбе облысы бойынша ЭҚСЖҚК департаментінің баспасөз хатшысы:


Ата-аналарынан алынған қаражаттар тиісті есеп-шотқа салынбай, балаларға азық-түлікті бюджет есебінен сатып алып отырған. Осының нәтижесінде Бұхарбаева және Жанаева бюджетке ірі көлемде шығын келтірді.


Мансұр ЕСҚОЖИН