Русский Сайттың толық нұсқасы

"Даму" қоры "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын" шалғай аудандарда ашуды көздеп отыр

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1246

"Даму" қоры биылдан бастап "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын" шалғай аудандарда ашуды көздеп отыр. Бұл туралы Үкіметте қор басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Бүгінде мұндай орталықтар 17 ірі қала мен 27 моноқалада жұмыс істейді. Ол жерде тұрғындарға "Бизнестің Жол картасы-2020" жобасы арқылы қаржылай қолдауға қол жеткізу тетіктері түсіндіріледі.

Биыл кәсіпкерлікті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген қомақты қаражат та осы "Даму" арқылы үлестірілмек. Жуырда жарияланған мараторий мен бір триллион теңге қолдау қаржы бизнес иелерінің белсенділігін арттыруы мүмкін. Дегенмен, Серік Ахметов аты дардай орталықтардың жұмыс істемей, босқа тұрып қалмауын қадағалауды тапсырды.


Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:


Қай елді мекендерге нақты қажет соны дұрыстып анықтау керек. Бас жоқ, көз жоқ салып тастап, ертең қаңырап тұрып қалмас үшін. Мүмкін кей жерлерде "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" жанынан ашып қою қажет. Болат Бидахметович, Ләззат Еркеновна, сіздерге мұндай сараптама жоқ сияқты.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ