Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық азамат лаңкестік ұйымды қаржыландырды деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 882

Атыраулық бір азамат лаңкестік ұйымды қаржыландырды деген күдікке ілінді. Облыстық қаржы пролициясы таратқан ақпарға сай, ол «Ислам Джихат Одағы» ұйымына алдымен 2 мың, кейін 3 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы аударған. Шетелге аталған соманы «БТА Банкі» Атырау филиалының «Western Union» банктік аударым қызметі арқылы жіберіпті. Қаржы «Aзизуллах» деген есімге жолданған. Атыраулық азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Терроризмді не экстремизмді насихаттау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
Дулат Мадияров, Атырау облысы бойынша ЭҚСЖҚК департаментінің аға тергеушісі:

 
Оған банктік аударым арқылы 2 мың және 3 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты шетелге жіберу жолымен халықаралық террористік ұйымды қаржыландырды деген күдік тағылуда. Қылмыстық істер қазір тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

 
Базаргүл ІЗІМОВА