Қазақстандық бірнеше әйелді аяусыз
өлтірген өзбекстандық қаскөйлер өз елдерінде сот алдында жауап беретін болды, -
деп хабарлайды «РИА Новости».
2011-2012 жылдары көрші елмен іргелес
елді мекендерде әйелдердің мәйіттері бірінен соң бірі табылып отырғанын
хабарлаған болатынбыз. Қылмыскерлер құрбанын алдымен тонап, зорлап, кейін
өлтіріп отырған. Олар тек 2012 жылдың соңында
ғана құрықталды. Тергеу мәліметтеріне сай такси жүргізушілері екені анықталған.
Орманов пен Бердалиев есімді
қылмыскерлер Өзбекстанның Шыршық және Ташкент аудандарының тумалары екен. Қазір олар алты адамды өлтірді деп айыпталып отыр. Кінәлары
толықтай дәлелденді, деп хабарлайды Бас прокуратура өкілі.
Айта кетейік, мерт болғандардың бесеуі қазақстандық азаматшалар болса, тағы біреуі өзбекстандық болып шықты.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА