Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірнеше елдер Ресейге қарсы қатаң санкция енгізуде

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1265

АҚШ пен Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялар әзірлеп жатыр. Вашингтон Ресейдің әл-ауқаттылардың есепшоттарына бұғау салуға бел буды. Қазіргі таңда Ресеймен әскери ынтымақтастық доғарылып, өзара бірлескен оқулар мен кемежай сапарлары тоқтатылды.

Бұған қоса, америкалық Сенат Ресейге визалық шектеулер қоюды да жоспарлап отырған көрінеді. Бүгінде АҚШ ресейлік банктерге қатысты жазалау шараларын әзірлеп, жеке инвесторлар мен ұйымдардың активтерін тоқтатуда.

Ал Еуроодақ, тіпті қысқа мезгілді визалардың өзін шектеуді жоспарлауда. Салдарынан ресейлік кәсіпкерлер шығынға батып жатыр. Баға белгілеуінің әлсіреуіне байланысты олар бүгінде 13 миллиард доллардан айырылған. АҚШ пен Еуроодақтың мұндай қатаң санкциялар еңгізуіне Ресей мен Украина арасындағы саяси қақтығыстар себеп. Алпауыттар Ресейді Украина егемендігіне қол соғуда деп айыптауда.

Жұрағат БАМАН