Ұшақ кептелісі. Бүгін таңғы
уақыттан бері Алматы халықаралық әуежайында тұман салдарынан бірден 14 ұшақтың
рейсі кейінге қалдырылды. Олар Алматыдан Әбу-Даби, Шымкент, Дели, Қызылорда,
Душанбе, Павлодар және Астанаға ұшуы керек болған. Мыңға жуық жолаушы әуежайда жіпсіз байланып отыр. Қолайсыз ауа-райынан әуе
көліктері ұшып-қона алмай қалған.
Сондай-ақ, Алматыға ұшып келуі тиіс
ұшақтардың да бағыттары өзгерген. Солардың
бірі - Астана-Алматы бағытындағы ұшақ. Ол амалсыздан Қарағанды қаласындағы
қосалқы аэродромға қонды. Қазір тұман сейіліп жағдай тұрақталуда, - дейді әуе
компаниясының өкілі.
Тілек Әбдірахымов, «Эйр Астана» әуе компаниясы бұқарамен
байланыс бөлімінің менеджері:
Ол ұшақтар ауа райының қолайсыздығы, яғни, тұманның салдарынан кейінге
қалдырылған. Қазіргі уақытта ұшақтардың ұшу кестесі қалыпқа келтіріліп жатыр. Ұшақтар
ұшып жатыр.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ