Русский Сайттың толық нұсқасы

Қалың қардан Қызылордада бірнеше автобус кептеліп, 80 жолаушы құтқарылды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1069

Қызылорда облысында 25 автокөлік қар құрсауында қалып қойған. 80 жолаушы тікұшақпен қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, наурыздың төрті күні «Қызылорда-Жезқазған» автожолы бойындағы қар астында бірнеше автокөлік батып қалған. Оның ішінде жолаушысы жоқ 4 автобус, 4 шағын автобус, 13 жүк және 4 жеңіл көлік болған. Оқиға орын алған жерден отандық Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қаз әуе құтқару» мекемесінің МИ-8 тікұшағы 80 жолаушыны құтқарды. Қазіргі таңда жолды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Жұрағат БАМАН