Күтпеген жәдігер. Мексиканың
археологтары 15 метр тереңдікте жатқан үлкен қорымға кез болды. Ғалымдардың болжамы бойынша ол шамамен - 1500 жылдай
бұрынғы жерлеу орны.
Кісі мазары Колима штатының Вилла-де-Альварес аймағынан
табылып отыр. Балалар мен иттердің сүйектері, бақсының мүсіні - осы табыттан
шыққан құнды жәдігерлер. Археологтар бақсыны «мазар
қорғаушысы» ретінде жерлеуі әбден мүмкін дейді. Осы күнге дейін
анықталған табыттардың басым бөлігі талқандалып кеткен.
Бұл мазардың ерекшелігі - оның
бұзылмай сақталғанында. Ғалымдар енді тек
балалардың сүйегін зерттеуге кірісті. Ал иттерге қатысты археологтардың айтары
бар. Жеті қазынаның бірі Мексикада о дүниеге адамның рухын өткізуші ретінде
қолданылған.
Сымбат МОЛДАТАЙ