Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жетінші қабаттан құлап кеткен адам аман қалды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1282

Шымкентте жетінші қабаттан құлап кеткен адам аман қалды. 24 жастағы келіншек 12 қабатты үйде тұрады екен.


Ұйықтап жатыр едік ана жерде. Біреу гүрс ете қалды. Сөйтіп шығып қарасақ жатыр ғой. Сөйтіп милициялар келді, бәрі келді.

Үйіндегілермен ұрсып қалған, содан кейін секіріп кетіпті деп есіттім.


Оқыс оқиға күндізгі сағат 11 шамасында болған. Биіктен құлдилаған ол үй түбіндегі дүкеннің шатырына түседі. Жедел жеткен құтқарушылар мен тәртіп сақшылары зардап шегушіні екінші қабаттағы пәтер арқылы шығарып алды. 24 жастағы әйел жетінші қабаттағы терезеден төсек жаймаларын бір-біріне байлап түспек болған сыңайлы. Жаймалар оқиға орнында әлі жатыр. Көршілерінің айтуынша, Қырғызстан азаматшасы Шымкентте пәтер жалдап тұрған. Сауда-саттықпен айналысады. Науқас қазір жедел-жәрдем ауруханасында ем алуда. Дәрігерлер оның халі орташа деп отыр.


Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:


Науқасқа жабық ми жарақаты, мидың шайқалу диагнозы, омыртқаның жабық жарақаты, омыртқаның компрессиялық сынуы, екінші дәрежелі диагноз қойылып, қазіргі жағдайда науқас жедел нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдауда.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ