Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда құрылыс колледжінің директоры жалған студенттерді тізіп, шәкіртақысын қалтаға басып отырға

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2014
  • 1011

Алпыстың асқарына шыққан студент. Петропавлда құрылыс колледжінің директоры өзінің 60 жасар күзетшісін оқу гранты бойынша қабылдап, шәкіртақысын қалтаға басып отырған. Жалған студенттердің арасында банк қызметкерлері де бар. "Олардың басым бөлігі жағдайдан бейхабар болған", - дейді прокурорлар. Білім ордасы басшысының теріс әрекеті бұл ғана емес.


Директор өз атына қосымша пәндер жаздырып, шын мәнінде сабақ өтпеген. Пысықай басшы мұндай құйтырқылықты 2013 жылы іске асырған. Прокурорлар оның ісін таяуда ғана әшкереледі. Жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық. Осыған ұқсас олқылықтар Тайынша ауданындағы агробизнес колледжінде де анықталып отыр. Мекеме басшысы жалған құжаттар жасап, бір миллионнан астам қаражат жымқырған. Қазір қос колледждің де директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Қонысбек Ыбыраев, Петропавл қаласының прокуроры:


Біз бүкіл студенттер және оқытушылармен сөйлесіп, директордың сабақтарды жүргізбегеніне көз жеткіздік. Жеңіс Бабажановқа қатысты қылмыстық кодекстің 176-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, ол өз қызметін әлі атқарып келеді.


Абзал ҚҰРМАНКИН