Русский Сайттың толық нұсқасы

Play-оff ойындарында елордалық "Снежные Барсы" командасы кезекті кездесуін өткізеді

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2014
  • 916

Плей-офф ойындарында сынға түсіп жатқан елордалық "Снежные Барсы" командасы бүгін кезекті кездесуін өткізеді. Бұған дейін Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында жергілікті "Мамонты Югры" клубына қатарынан екі ойында ұтылған Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттеріне бұл ойында жеңіс ауадай қажет. Егер Астанада өтетін кездесуде қазақстандық ұжым тағы да жеңіліс тапса, онда олар келесі айналым жолдамасынан құр қалады.Спорт тақырыбы келесі топтамада.


Плей-офф ойындарына жолдама алған "Барыс" командасы алғашқы кездесулерін 8-ші және 9-шы наурыз күндері өткізеді. Астаналық клубтың қарсыласы-Екатеринбург қаласының "Автомобилист" командасы. Ари Пекка Селиннің шәкірттері "Шығыс" конференциясында екінші орынға орналасса, ресейлік ұжым жетінші сатыға тұрақтады. Жауапты ойындар алдында"Барыс" командасы ашық жаттығу өткізді. Бұған дейін кездесулерге қатыспаған Дастин Бойд, Николай Антропов және Константин Руденко жарақатынан айығып, қатарға қосылды. "Автомобилист" хоккейшілерінің биылғы маусымдағы аяқ алысы жақсы. Сондықтант екі команданың келесі айналымға өту мүмкіндігі тең


Дмитрий Уппер,"Барыс" клубының капитаны:


Автомобилист командасы жас ойыншылардан жасақталған. Сол себепті ойын барысында жылдам қимылдайды. Олар маусымды да жақсы нәтижемен аяқтады. Кездесу ауыр болады. Бірақ мүмкіндіктеріміз тең. Өз алаңымызда болсын, қонақта болсын бірқалыпты өнер көрсетуіміз керек.


Плей-офф ойындары жақындаған сайын билетке сұраныс арта бастады. Таң атысымен кассаны жағалаған жанкүйерлер "Барыс" ойнын көру үшін 2-3 сағат кезекте тұруға дайын.


Алмат Маратұлы, жанкүйер:


Қанша керек болса сонша тұрамыз Барыстың ойнына. Плей-оффқа биыл жақсы екінші орынмен өтіп тұрмыз. Үмітіз күшті Барыстан. Сол үшін тұрмыз ғой билетке. Ауа-райының суығына қарамастан. Адамдар әне сағат 10-нан бері тұрмыз дейді.


Естеріңізге салайық. Соңғы 5 маусым ішінде "Барыс" командасы әлі де болса, плей-офф ойындарының алғашқы кезеңінан аса алмай жүр. Мүмкін биыл жарыс сәтті болар.


Самат ҚАНАҒАТОВ