Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында 100-ден астам елді мекен су астында қалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1289

Атырау облысының құтқарушылары да дабыл қаға бастады. Аймақта күн күрт жылынса, 100-ден астам ауыл су астында қалуы мүмкін. Бұл туралы өңірдің ТЖД бастығы Болатбек Омаров хабарлады.

Оның айтуынша, облыста су басу қаупі бар аумақтың жалпы көлемі 3 мың шаршы шақырымды құрайды. Бұл аумақта 108 елді мекен орналасқан. Ал ауылдарды судан қорғау мақсатында салынған дамбалардың 126 шақырымы жөндеуді қажет етіп тұр.

Қазір құтқарушылар болуы мүмкін тасқынға дайындықты күшейтті, жүзу құралдары мен тікұшақтар әзірленуде.

Илхам ИБРАГИМ