Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырым билігі өз аумағында рубльді айналымға енгізуге дайын

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1177

Қырым Үкіметі Ресей рублін айналымға енгізуге дайын. Бұл туралы автономиялық республиканың бірінші вице-премьер министрі Рустам Темиргалиев мәлімдеді. Бірақ жаңа валютаның қалай енгізілетіні туралы толыққанды ақпарат берген жоқ.

Қырым автономиялық республикасының бюджет тапшылығы наурызда 35 миллиард рубльді құрап отыр.

Естеріңізге салайық, жуырда Қырым парламенті автономия ретінде Ресей құрамына кіру туралы шешім қабылдады. Ал «автономиялық республика» статусы туралы референдум 16-наурызға жоспарланды. Оған Севастополь тұрғындары да дауыс беруге құқылы.

Референдум барысында тұрғындар екі сауалға жауап береді: «Ресейдің субъектісіне айналу процесін қолдайсыз ба?» және «1992-жылы қабылданған Қырым конституциясын қалпына келтіруді қалайсыз ба?» деген сауалдар. Конституция бойынша, республика Украина мемлекетінің құрамында.

Ал Ресей Федерациясы өз кезегінде Қырымды қабылдауға құлшынып отыр. Дәл қазір ақпарат агенттіктері Севастополь да Ресей құрамына кіруге шешім қабылдағанын хабарлап жатыр. Қалалық кеңестің кезектен тыс отырысында осындай шешім қабылданған.

Сымбат МОЛДАТАЙ