Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жүзден асқан әжелелердің суреттері іліне бастады

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1608

Қызылордада жасы жүзден асқан 6 әже бар. Мерекеге орай облыс орталығында дәл осы ақ жаулықтылардың суреттері салынған билбордтар ілініп жатыр.

Мәртебелі топтың кенжелері - Хадиша Қарғаева мен Несібелі Аюбаева 100-ді еңді толтырса, Күлтай Юлдашева, Рабиға Қоянбаева мен Балқия Ерімбетова әжелеріміз 102-ге келген. Ал қыздар құрамасының капитаны - 106 жасар Қыздарайым Аяпова.

Бүл әжелер - тірі тарих, бір ғасыр. Нәзік жандылар бастарынан қанды соғыс пен аяусыз ашаршылық жылдарды да, жоқшылық пен жесірлікті де өткізді. Олар еліміз қайта есін жинап, дамып, көркеуіне өз ұлестерін қосты. Қазір Қызылордада бұл әжелердің немере, шөберелері өз әжелерінің суреті салынған билбордтар қасында суретке түсіп, қуанып жатыр.

Қыздарайым Аяпова
, 106 жаста:

Кетпен шаптық қолхозда, арық қаздық, канал қаздық, біздің істемегеніміз жоқ қой. Әйтеуір біздің көргенімізді балдар көрмесін. Аспанымыз ашық болып, нанымыз көп болып, уайымымыз жоқ болсын!
Әумин!

Шарипа САҚТАПОВА