Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайға қонаққа келген Германия азаматы саяси баспана мен азаматтық сұрап отыр

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1068

Қостанайға қонаққа келген Германия азаматы саяси баспана мен азаматтық сұрап отыр. Айтуынша, ол қайтадан неміс еліне қайтқысы келмейді. 12 жыл бұрын Германияға қоныс аударған Сергей Руссман Қостанайға 3 жыл бұрын қайтып келген. Ата-анасы осында тұрады. Осы уақыт аралығында неміс азаматы уақытша тіркеу құжаттарының мерзімін ұзартпай жүре берген. Ел аумағына кіру туралы заңды бұзған шетел азаматын әкімшілік сот жазаға тартып, бір тәулікке қамау туралы шешім шығарды.


Салтанат Алдабергенова, Қостанай облыстық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:


2014 жылға 4 наурыздың қаулысымен азамат Руссман Сергей жасаған құқы бұзушылығы үшін әкімшілікке жазаға тартылып, бір тәулікке қамауға алынды.


Алайда неміс жігіті ел аумағынан кеткісі келмейтіндігін, Германияға барудың өзіне қауіпті екенін айтады. Өйткені ол жақта үйі жоқ. Жұмысқа тұра алмайды. Сондықтан Қазақстаннан саяси баспана сұрап, осы елдің азаматтығын алғысы келеді. Ал көші-қон полициясының өкілдері бұл азаматтың «Босқынға» жатпайтындығын, Қазақстан азаматтығын алу үшін Германияға оралып, тіркеуден шығып келуі керектігін ескерткен. 


Сергей Руссман-Федоров, Германия азаматы:


Германияда екі-үш жылдай жұмыссыз жүрдім.Жалдамалы пәтерге төлейтін ақшам болмай. Қожайындары қуып шықты.Сөйтіп далада қалдым.Жергілікті тұрғындар да қысым көрсетті.Сондықтан енді ол жаққа барғым келмейді.


Заңғар САНАЙ