Русский Сайттың толық нұсқасы

Көктем мерекесінде гүл шоқтарын көбіне әйелдер сатып алады екен

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1226

Әлеуметтанушылар 8 наурыз мерекесі қарсаңында қызықты сауалнама жүргізген. Көктем мерекесінде гүл шоқтарын көбіне ерлер емес әйел адамдар сатып алады екен. Гүл сатуды кәсіп еткен компаниялардың мәліметіне қарағанда, ғаламтор арқылы гүлге тапсырыс жасайтындар арасындағы санақ нәтижесі төмендегідей болған. Яғни гүл шоқтарын сатып алуға келгендердің 52 пайызға жуығы әйелдер болса, ерлер саны 48 пайыздан аспапты. Гүл сатумен айналысатын арнайы сөрелердің жанында тұрып, бақылау жасаған мамандар да ер адамдардың сыйлық алуда батылсыз келетінін байқаған. 


Илья Иванов, гүл сатушы:


Мен бұл зерттеулер қортындысымен келісе алмаймын. Керісінше, гүл сатып алуға келетін еркектер саны анағұрлым артық. Бұл күн ерлердің сыйлық жасайтын уақыты. Сондықтан бізден гүл шоқтарын алуға келген ер азаматтар тартынып жатпайды. Керісінше, қалаған соммасына сыйлықтарды ойланбастан алып кетіп жатыр.


Гүл саудалаушылар көктемнің жұпарын ала келетін басты сыйлыққа бағаның көтерілгенін жоққа шығармайды. Теңгенің құнсыздануы гүл нарығына да әсер еткен. Алайда мұндай күні бағаға мән беретіндер аз. Қазір гүлді интернет арқылы тапсырыс беріп, сатып алатындар көбейген. "Ерлер гүлді сүйіктісіне, жарына немесе қалыңдығына деп таңдайды. Одан кейінгі кезекте - туыстар мен әріптестері тұрады", -  дейді сауалнама жүргізушілер. 


Мен бүгінгі мерекеде өзімнің қарындасыма сыйлық жасауға асығып барамын. Көбіне гүл сыйлағанды жақсы көремін. Анама, сосын әпкеме және өзге де әйелдерге де әзірлеген сыйлықтарым бар.


Маған раушан гүлі ерекше ұнайды. Қазір бастығымның әйеліне гүл сатып алу үшін келдім. Ал өз жақындарымнан анама, әпкеме және келіндеріме тек раушан гүлін сыйлауға тырысамын. Меніңше, бұл әрбір әйел адам үшін жағымды сыйлық деп ойлаймын.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ