Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматының белсенді жастары әйелдер күніне орай ерекше шара өткізді

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1268

Бүгін Алматының белсенді жастары әйелдер күніне орай ерекше шара өткізді. 500-ден аса студент Абай алаңының алдына гүлдің жапырақтарынан «мама» сөзін жазып, нәзік жандыларға тосын сый жасады. Бұл жүректің ішіндегі «мама» сөзі анаға деген ыстық махаббаты білдіреді.

Мұны жасау үшін белсенді жастар қолдан 12 мыңнан аса гүл дайындаған. Әрі раушан гүлінің миллионға жуық жапырақтары төселген. Мұндай шараға жастар екі күн бойы әзірленіпті. Ал өткен кеткен арулар, бұл ерекше сыйды жылы қабылдады. Суретке түсіп, мерекелік көңіл-күй мен шаттыққа бөленді.


Санжар Боқаев, Алматы қ. жастар саясаты басқармасының бастығы:


Бүгінгі іс шара қазақстандық бүкіл аналарға арналған. Біз аналарымызды әрқашанда құрметтеп аялауымыз қажет. Соны жастар ұмытпауы керек. Өйткені патриотизм деген әркімнің өз анасын құрметтеуден басталады.


Досжан МАРАТҰЛЫ