Русский Сайттың толық нұсқасы

Йемен жағалауында кеме апатқа ұшырап, 42 адам опат болды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2014
  • 1036

Йемен жағалауында кеме апатқа ұшырап, 42 адам опат болды. Елдің қорғынас министрлігінің мәліметінше, ажал құшқандардың барлығы да заңсыз жолмен келген Африка елінің азаматтары. Абырой болғанда, 30-ға жуық жолаушыны жағалау күзетінің қызметкерлері судан аман алып шықты.

Олар дереу Майфаа қаласындағы босқындар лагеріне жөнелтілген. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Шабва провинциясы жағалауынан бірнеше шақырым жерде болды. Айта кетейік, мигранттар Сауд Арабиясына көбіне Эфиопия мен Сомалиден жол тартады. Заңсыз мигранттарды тасымалдаушылар Йемен суларында көлік ауыстыру үшін кідіреді.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА