Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО көрмесіне Астанада киіз үй типті қонақ үйлер пайда болмақ

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2014
  • 2222

ЭКСПО көрмесіне орай Астанада киіз үй типті қонақ үйлер пайда болмақ. Елордалық өнертапқыш «смарт киіз үй», яғни «ақылды үй» жобасын ұсынды. Жоба құпталса, баламалы энергия көзінен қуат алатын ұлттық нақыштағы ғимараттар бой көтермек.

Мынау - автордың жасаған киіз үйлер қалашығы. Жоспар бойынша, мұнда 40-қа жуық ғимарат салынады. Басты нысан - киіз үй. Бір отбасына, я болмаса бірнеше адамға арналған орны, жуынатын бөлмесі, компьютер және ғаламтормен жабдықталған. Ал мұның бәрі күн, жел энергиясынан қуат алады. Қалашық арнайы қоршалып, ұлттық киіз үйлеріміз бетоннан құйылады.

Әзірге жобаны жүзеге асыру үшін қанша қаржы кететіні есептелмепті. Алғашында автор қонақ үй кешенінің пилоттық жобасын Омбы - Майқапшағай, Алматы - Өскемен жол тораптарында жүзеге асырмақ. Себебі дәл осы өңірлерден туристерді тартуға болады дейді кәсіпкер. Алғашқы жоба - туристерге арналған қалашық болса, екіншісі - жол бойында қызмет көрсететін орталыққа айналмақ.


Едіге Ибраимов, жоба авторы:


Бассейн болады, боулинг орталығы, балаларға арналған демалыс орындары болады, ресторан. Және мұның бәрі қыста да, жазда да істей беретін нәрселер. Интернет арқылы біздің туристер біздің қонақ үйге кіре алады, не бар екенін көре алады.

Әлия ӘШІМ