Русский Сайттың толық нұсқасы

«ЭКСПО-2017» қарсаңында Қазақстан 40 ел үшін виза алу рәсімін жеңілдетті

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2014
  • 700

«ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, Қазақстан 40 елдің туристеріне визалық тәртіпті жеңілдетеді. Бұл туралы Берлин қаласында өткен халықаралық туристік көрмеде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комитет төрағасы Марат Игалиев мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ЭКСПО көрмесін тамашалауға келген туристті тіркеу тұрғын орны бойынша орналасқан қонақ үйлерде жүзеге асырылады. Мұндай визалық жеңілдіктер бұған дейін Грузия, Армения, Қырғызстан және Тәжікстанда сәтті іске асқан.

Ал 48-ші рет өткізіліп отырған Жібек жолы елдерінің кездесуінде 180 мемлекет 11-мыңға жуық стенд көрсетеді. Қазақстан делегациясын министр Әсет Исекешев басқарып барды. Бұл кездесудің басты мақсаты - Жібек жолы елдеріне арналған бірыңғай виза жасау.

Қазіргі кезде оған сан түрлі кедергілер бар. Сондай-ақ, Қазақстан делегациясы халықаралық ұйымдармен Алматыда алдағы уақытта экскурсия жетекшілері мен гидтерге арналған курс өткізу туралы келісімге келді.

Сымбат МОЛДАТАЙ