Қазақстанда
көктемгі су тасқыны ахуалы бақылауда. Бірақ қауіп те күшті. Төтенше жағдайлар жөніндегі
министр жалпы жағдайды сипаттап, қауіпті деген өңірлерді атады.
Владимир
Божко, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі:
Қар
қалың түскен Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарына қауіп бар. Шығыс
пен Павлодарда жағдай бірқалыпты. Алматы облысындағы тау бөктеріне қар 20 пайызға
артық түскен соң, ол аумақты бақылауды күшейттік.
Бұдан
бөлек, министр оңтүстік қазақстандықтарды құлаққағыс етті. Наурыздың он үш - он төртінде
еліміздің оңтүстігінде күн 20 градусқа дейін күрт жылуы мүмкін. Осы орайда, өңірдегі
төтеншеліктерге Қаратау тауына тақау аудандарды, басқа да таулы аудандарды жіті
бақылауды ескертті.
Ал қыс бойы Астанадан екі миллион текше метр қар шығарылған.
Бұл жылдағыдай көктемде қызыл су тұрғын үйлердің іргесін шайып, жертөлелерді
басып қалмауы үшін жасалған.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ