Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық полицейлер пышақталып, ауыр жарақат алған такси жүргізушісін құтқарып қалды

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2014
  • 1298

Оралдық полицейлер пышақталып, ауыр жарақат алған такси жүргізушісін құтқарып қалды.

Жол-патрульдік полиция қызметінен хабарлағандай, жол бойында тұрған полиция көлігінің жанына тоқтаған «Лада Приора» машинасынан түскен жігіт алға қарай бірнеше қадам жасап, құлап түседі. Жігіттің қарнында пышақ қадалып тұрғанын көрген полицей оны бірден көлігіне отырғызып, ауруханаға жеткізеді. Кейін анықтай келгенде, көлік жүргізушісінің жолай кездескен жолаушыны жеткізіп салмақ болғаны, бірақ жол бойы дау шығып, жолаушының көлік иесін пышақтап тастағаны анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр.

Құттымұрат Жақсығалиев, БҚО клиникалық ауруханасының травмотология бөлімшесінің меңгерушісі:

Аурухағана жеткізілген жаралы азамат қарын тұсынан жарақат алған. Жарасы таңылып, кейін ота жасалды. Операциядан кейінгі жағдайы біртіндеп оңалып келеді.

Еркін ҚАРИН