Жыры көп, жаңғырған үй. Павлодардағы 5 қабатты үйдегі жүзге жуық пәтердің
тұрғындары көгерген қабырға мен төбеден аққан судан әбден мезі болдық дейді.
Олар 2012 жылы «Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасымен
баспаны толықтай жөндеуді бастапты. Бірақ мергілерлердің жұмысы көңілге қонбай
тұр. Төбеден аққан су қабырғаларды көгертіп, шірітіп жатыр.
Желтизной покрылась, плесенью покрывается потолок.
Тұрғындардың айтуынша, қабырғалар мен төбенің мұндай күйге түскеніне бір
жарым жыл болыпты. «Тұрғын үйді жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша
жасалған жөндеу үйдің жағдайын жөнге келтірмеді дейді.
Вот так у нас тряпки стоят целыми днями, вот так вот целыми днями вытираем.
Полными мы выливаем постоянно, я не видела никогда нигде такие окна пластиковые.
Бұқара «артық қыламыз деп, тыртық қылғанның» кебін киген. Осыдан екі жыл
бұрын жарнамасы жер жарған жаңа жобаны естігенде бірден әкімдікке шығады.
Құжаттар жиналып, келісімшарт жасалады. Сөйтіп, жалпы сомасы 30 млн теңге
тұратын жөндеу жұмыстары басталады. Алайда, қуаныш көпке бармады.
Смотрите, какая щель. Как вода не будет бежать? В сарае хорошее такое не
сделаешь. Умный хозяйн.
Құрылыс жұмыстарының сапасыз жасалғанын айтып, бұқара әкімдікке
шағымданған. Бірден мердігерлер шақырылып, кемшілікті жою тапсырылады.
Асқар Әбенов, Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
Кемшіліктерді жою жұмыстары ауа-райы жылына басталады. Ескертпе шатырға
қатысты болды. Мәселен, бас құбыр мен вентиляциялық шахтада тұр. Олар шатырдың
сыртына шығарылмаған. Сондықтан су ағып, конденсат орын алды.
Қалыпқа келтіру жұмыстары басталады-ақ. Бірақ тұрғандар кезекті проблемаға
тап болды. Айтуларынша, тексеруден соң бұларға мердігерлер қоқан-лоққы
көрсеткен.
Сырғагүл Назарова:
Уалиева, Кенесбай, Назарова сендер агитация жасап, халықты көтердіңдер.
Сендерді сол күйінше қалдырмаймыз. Зиян келтіреміз. Өзіміз істемесек те,
біреулерді жібереміз деп қорқытып отыр. Біз олардан талап ете алмаймыз. Қатты
батырып сұрай алмаймыз. Неге?! Өйткені қорқамыз.
Лев Толстой көшесі 104-ші үй бойынша проблеманың барын мердігерлер де
мойындап отыр. "Қателік - жобалау сатысынан кеткен", -дейді олар. Ауа
тартқыштарға қатысты да айтары бар.
Ринат Юсупов, мердігер компания өкілі:
Аздап қателік жібергеніміз рас. Желдеткіштердің санын аз жасаппыз. Содан
сыртқы және ішкі температурада алшақтық болып, су қатып қалды. Қазір олардың
санын көбейттік, енді проблема болмайды.
Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша Павлодарда үш жылдың
ішінде 95 көп қабатты жөндеуден өткен. Негізгі шаруа 2012 жылы атқарылыпты. Сол
жылы бірден 56 баспананың шатыры жаңартылып, жертөлесі ретке келтірілген. Ал биыл тағы да 16 үй жаңа бағдарламаның шапағатын көрмек.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ