Алматыда зергерлік бұйымдар
контрабандасымен айналысқан әйел ұсталды. «Шарджа-Алматы» бағытында ұшқан
әуерейсіне кедендік бақылау жүргізген қызметкерлер күдіктіні оқиға орнында
құрықтады.
Сақшылар Қазақстан азаматшасының
сөмкесінен 200-ден астам қолдан жасалған қымбат бұйымдар тәркіледі. Ақ-сары түсті алқа-сырғалардың жалпы салмағы 1 келіден
асады. Қазір аталмыш оқиға бойынша Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау
департаменті тергеу алды амалдарын жүргізуде.
Әлия ӘШІМ