Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысы ауыл тұрғындарының денсаулығы ДСМ назарында

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2014
  • 1445

Ұйқы ауруынан айыққан ауыл қайта мүлги бастады. Ақмола облысы Калачи елді мекенінде басы ауырып, ұйқыға кеткен тағы бірнеше адам тіркелді. Ал Денсаулық сақтау министрлігі болса, аймақта қауіпті кеселдің жоқтығын айтады.

Өңір толық зерттеліп, биологиялық заттар шекті нормадан аспайды, - дейді министрлік. Алайда ведомство ауру симптомдарының наурыз-мамыр айларында байқалатынын мойындады.

Министрлік мәліметінше, өткен 2013 жылдың наурыз айында алғашқы науқас ауруханаға түсіп, кейін бас айналып, ұйқыға тартқан 33 науқас емделген. Дәрігерлер ауру белгілерінің өтпелі, 2-3 күннен кейін науқас жазылып кететінін айтады.

Айта кетейік, өткен жылдың 60-шы, 90-шы жылдары Калачи ауылының жанында уран өндіретін кен ошағы болған. Тәуелсіздік жылдары уран өндірісі тоқтап, шахталар жабылған.

Әлия ӘШІМ