Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық қоғамдастығының бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2014
  • 800

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық қоғамдастығының бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады. Кездесуде ұйым қызметіне қатысты мәселелер алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды.

Өз сөзінде Президент мемлекеттердің интеграциялық құрылымдар аясындағы көптарапты өзара ықпалдастығының негізін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдердің технологиялар мен бизнес саласындағы тиімді ынтымақтастығына септігін тигізетін интеграциялық институттар қызметінің жемісті нәтижелеріне назар аударды.

Өз кезегінде Тайыр Мансұров ұйымның алдына қойылған міндеттердің іске асуы және Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер халықтарының мүдделері үшін экономикалық интеграцияға қол жеткізуге бағытталған жұмыс туралы баяндады. 


Жұрағат БАМАН