Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Жарлығымен Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2014
  • 942

Елбасы Жарлығымен Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды. Бұған дейін ол Төлеген Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері. Әр жылдары Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Пезидент Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің аға инспекторы, ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Ал 2013 жылдан бері Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарған Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Еске салайық, 7 наурызда Президент Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет министрлігі аталып, қайта құрылды. 


Сымбат МОЛДАТАЙ