Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы мөлшері 14%-ға өседі

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2014
  • 1276

Бірінші сәуірден бастап зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдер 12%-ға артады. Бұл тізімде мүгедек жандар, Семей сынақ полигонында ядролық жарылыс залалын бастан өткендер бар. Әлеуметтік саладағы өзгерістерді бүгін Мәжіліс депутаттарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова таныстырды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қазіргі таңда елімізде 1,9 миллион зейнеткер бар. 1-ші сәуірден бастап зейнетақы көлемі 12%-ға артады, яғни бюджеттен қосымша 40,6 миллиард теңге бөлінеді. Ал мүгедек жандарға арналған төлемдерді арттыру 650 мың адамды қамтып отыр. Жәрдемақы берудегі өзгеріс балалы отбасылар мен жекелеген санаттарға жататын азаматтарды да қамтып отыр.

Осылайша, 2014-жылға нақтыланған республикалық бюджеттен зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыруға бас-аяғы 51,3 миллиард теңге бөлу көзделуде.

Әлеуметтік жәрдемақыларға енгізілетін өзгерістерге өз кезегінде мәжіліс депутаттары наразылықтарын айтты. Мәселен, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова Отанына еңбегі сіңген жандарға берілетін жәрдемақы мөлшерінің тым аздығына наразы.

Сымбат МОЛДАТАЙ