Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан Барысына» биыл 30-дан астам палуан қатысады

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2014
  • 1279

Елордалық «Барыс» командасы кезекті жеңісін тойлады. Play-оff ойындарындағы үшінші кездесуін Екатеринбург қаласында өткізген Ари Пекка Селиннің шәкірттері «Автомобилист» клубын 2:1 есебімен ұтты.

Ал «Қазақстан Барысы» атану үшін, биылғы жарыста отыздан астам палуан белдеседі. 29-маусымда Астанада «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ақтық белдесулері өтеді. Президент жүлдесін іріктеу жарысынан сүрінбей өткен 33 палуан сарапқа салады. Финалға шығатын спортшылар наурыз айында өтетін 3-ші іріктеу жарысынан кейін белгілі болады. Қатарынан төртінші жыл өткелі отырған айтулы дода алдында жарыс ұйымдастырушылары БАҚ өкілдерімен кездесті. Қылқалам шеберлерін қызықтырған басты сұрақ «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сыны Бразилияда футболдан өтетін әлем чемпионатымен тұспа-тұс келеді. Яғни, жанкүйерлердің назары доп додасына ауысып кетпей ме.

Арман
Шораев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы:

Қазақ күресінің жанкүйерлері келеді. Өзі
, небәрі 12 мың адам сиятын зал. Сондықтан, мен ойлаймын барлығы сол футболға қарап қалған адамдар емес. Және мен сіздерге айтайын, мына қазақтар мың жерден мықты болса да, футболдан ешқашан әлем чемпионы болмайды. Олимпиада чемпионы бола алмайды. Ал біздің үмітіміздің барлығы күреске, боксқа байланысты. Сондықтан, намысы бар жігіттер футболды емес, күресті тамашалайды деп сенемін.

Жоба басшыларының ақпаратына сәйкес жеңімпазға берілетін 150 мың АҚШ доллары өзгеріссіз қалады. Ал чемпионға сыйға тартып жүрген автокөлік биылдан бастап көрермендер көзайымына айналған спортшыға берілетін болды.

Самат ҚАНАҒАТОВ